Ядролық сынақ куәгері

Кешегі кеңестік дәуірде қазақ даласы сынақ алаңына айналды. Әлемдегі ең қорқынышты қару дүркін-дүркін жарылып, топырақ қабатын, ауа мен суды ғана емес адамдарды да улап келгенді. Сол зардаптың құрбаны әрі куәгері – Кәріпбек Күйіков.

Биыл Семей полигонының жабылғанына 31 жыл толды. Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні қарсаңында Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Ләззат Ақылжанова, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұржан Ильяшев және қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Якуб Джамалов ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалыстың белсенді өкілі, танымал суретші Кәріпбек Күйіковтің шаңырағына арнайы барып қайтты.

Суретші 1986 жылы Қарқаралы ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылында дүниеге келген. Ол туған ауылдан небәрі 100 шақырым қашықтықта ядролық қару сыналып жатқан еді. Оның зардабы жергілікті халыққа да тиді. Кәріпбек Күйіков өмірге қолсыз келген. Бірақ, солай екен деп мойымады. Қайта зұлмат ошағына айналып, талайды қанқақсатқан полигонның жабылуына үлес қосты. Қолы болмаса да тісімен және башпайларымен қылқаламға жан бітіріп, әлемге Семей полигонының қасіретін көрсете білген. Оның туындылары АҚШ, Жапония, Германия және Түркия сынды алпауыт елдердің көрмесіне қойылды. Өзі талай мәрте халықаралық биік мінберлерде ядрорлық қарудың зардаптары туралы айтып, оны таратпау және сынақтарды тоқтату мәселесін көтерген.

Өз тілшімізден.