Құқық бұзушылықты алдын алу — басты міндет.

2022 жылғы 22 сәуірде Қарағанды қаласының әкімдігінде Қазыбек би атындағы ауданының прокуратурасымен 2021 жылғы және 2022 жылдың бірінші тоқсанында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен қабылданатын шаралар мәселесі бойынша ведомствоаралық кеңес өткізілді.


Кеңес жұмысына Қарағанды қаласының әкімі Е.К. Бөлекпаев, Қарағанды қаласы полиция басқармасының бастығы Думан Қожахметов, Қарағанды қаласы полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Акылбеков, қалалық қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары А. В. Бочаров, қалалық мәслихат депутаттары, мүдделі органдардың басшылары және жеке кәсіпкерлік нысандардың өкілдері қатысты.
Сонымен бірге кеңеске онлайн режимінде «Market», «Krisha», «Kolesa» интернет-сайттарының басқарушы директоры М. Б. Кудеринова қатысты. Кеңесті аша отырып, аудан прокуроры Арман Аханов қылмыстың болмашы өсуіне қарамастан, қылмыстың жекелеген түрлерінің құрылымында қылмыстардың өсуінің жағымсыз ықпалының бар екенін атап өтті. Қарағанды облысы аудандары арасында Қазыбек би ауданы қылмыстың жасалуы жағынан бірінші орынға шығады. Кеңесте есірткі заттарының заңсыз айналымы, жасөспірімдер арсындағы құқұқ бұзушылық, интернет алаяқтық қылмыстары және жол-көлік оқиғалары сияқты қазіргі таңдағы басты проблемалар кеңінен талқыланды.
Кеңес пікір алмасу форматында өткізіліп, құқық бұзушылықты алдын алу, жолын кесу және ескерту бойынша нақты ұсыныстар айтылып, оларды шешу жолдары аталып өтті.

НАҒИМА ӘШІМҚЫЗЫ
ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ПБ