Вакцина салдырмаған балалар оқуға жіберілмейді — фейк ақпарат

Вакцина салдырмаған балалар оқуға жіберілмейді — фейк ақпарат

Қазақстандықтар COVID-19-ға қарсы вакцинасы жоқ балалар мектептерге жіберілмейді және оларды білім алуға конституциялық құқығынан айырады деген хабарды белсенді түрде жіберуде.

Фейк хабарламаның авторы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, 12 жастан асқан жасөспірімдерді вакциналау үшін мақұлданған Pfizer/BioNTech өндірген вакцинаны ҚР-ға жеткізу жоспарлары туралы 19 шілдеде айтқан сөзіне сілтеме жасаған.

Stopfake.kz сарапшылары былай деп нақтылады: екпе салдырмаған балалар білім алу бойынша конституциялық құқығынан айырылады деген қауесет негізсіз және шындыққа сәйкес келмейді. Қазақстандық мектеп оқушылары вакциналау мәртебесіне қарамастан білім алатын болады.

Сондай-ақ, министр балалардың COVID-19-ға қарсы вакцина салдыруы тек қана ерікті негізде жүргізілетінін және кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының келісімімен ғана екпе алатындығын хабарлады.