ӘУЕСҚОЙ СПОРТШЫ БАЛҚАШ КӨЛІН ЖҮЗІП ӨТТІ

Әуесқой жүзгіш Варвара Ивлёва Балқаш көлін жалғыз жүзіп өткен алғашқы спортшы атанды. Ол әлемде бірінші болып 41 шақырым қашықтықты бағындырды.

Варвараның айтуынша, ол алты ай бойы дайындалған. Суда жүзумен 5 жыл айналысады. Суға сүңгу кезінде көмірсуларға бай арнайы спорттық тағаммен тамақтанған. Басында ол әр 50 минут сайын тамақтанып отырған, энергияның жетіспеушілігінен тоңған көрінеді. Салдарынан тамақтану жиілігі 25-30 минутқа дейін қысқарған.

– Мен жүзуді Алматы қаласынан бастадым және Приозерск қаласында аяқтадым. Жүзудің өзі маған қатты ұнады, мен бұл процестен шынымен ләззат алдым. Барлық 15 сағат бойы ауа райы керемет болды. Алдағы уақытта Мәскеуге оралуды, бассейнге баруды, жаттығуды және қыркүйек айында Сулак шатқалында жүзуді жоспарлап отырмын, – дейді әуесқой спортшы Варвара Ивлёва.

Жанбота БЕЙСЕНБАЙ, «QH»