Тыл барлық жерде — ауада, құрлықта және суда сұранысқа ие

Жауынгер үшін барлық уақытта жауынгерлік тапсырмаларды сәтті орындаудың маңызды факторы оның қаншалықты тиімді қаруланған, уақтылы тамақтандырылған, киінген және жабдықталған болуы болды. Мұның бәрі тыл органдарының қажырлы және жауапты жұмысы.
26-28 қыркүйек аралығында Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығы базасында Қарағанды облысының 6505, 5451, 5516 әскери бөлімдерінің, Ақмола облысынан Көкшетау қаласының 5510 әскери бөлімі, Степногорск қаласының 3517 әскери бөлімі, Қостанай облысының 6697 әскери бөлімі, Солтүстік Қазақстан облысының 6637 әскери бөлімі Петропавл қаласының әскери бөлімінен келген азық-түлік және киім-кешек тыл қызметтерінің бастықтарымен оқу-әдістемелік жиындар өтті. Жиын барысында 3 күн бойы сабақтар өткізіліп, өткен уақыттың қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге тылдық ресурстармен қамтамасыз ету жоспарлары жеткізілді.
«Орталық» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Қажыбаев Қуаныш бүгінгі күні өңірлік қолбасшылықтың тыл қызметінің барлық міндеттерді орындауға кепілдік беретін деңгейде екенін атап өтті.

«Орталық» өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметі