Туристік орталық ашылды

Қарағандыда туризм саласын дамыту мақсатында жаңа туристік-ақпараттық орталық ашылды. Бұл орталық жергілікті тұрғындар мен шетелдік қонақтарға аймақтың басты көрікті жерлері, мәдениеті, тарихы мен табиғи байлықтары туралы толық ақпарат береді. Сонымен қатар, ол – Қарағанды облысының туристік әлеуетін арттыруға және аймаққа келушілердің санын көбейтуге бағытталған маңызды қадам. Орталықтың ашылуы туризмнің дамуына жаңа серпін беріп, облыстың экономикасына оң әсер етуі мүмкін. Жаңа бастама аясында орталыққа келушілер әртүрлі тақырыпта ақпарат ала алады: тарихи ескерткіштер, табиғат саябақтары, жергілікті дәстүрлер мен мәдениет, сондай-ақ аймақтың көрнекті орындары туралы кеңестер мен турлар ұсынылады. Сонымен қатар, халықаралық және жергілікті туризмді біріктіру үшін орталықтың қызметі көптілді түрде ұйымдастырылған, бұл Қарағандыны әлемдік туристік картада танымал етуге мүмкіндік береді.

 

Жаңа туристік-ақпараттық орталықта саяхатшыларға Қарағанды облысының тарихи-мәдени орындары, қонақүйлер, демалыс аймақтары, мейрамханалар мен экскурсиялық бағыттар туралы толық мәлімет ұсынылады. Оның ерекшелігі – келушілер жасанды интеллект жүйесі арқылы өздеріне қажетті ақпаратты жылдам және тиімді ала алады. Бұл технология орталық қызметін тиімді әрі заманауи етіп, туристерге ыңғайлы жағдай жасайды. Мұндай жаңашылдық аймақтың туристік инфрақұрылымын жаңа деңгейге көтеріп, Қарағандының туристік тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Мұндай орталықтар ішкі туризмді дамытуға ықпал етеді. Бәсекелестіктің болмауы салдарынан баға да жоғары. Логистика, мобильді байланыс, тұру орындары, санитарлық-гигиеналық мәселелер бар. Сала мамандары проблеманы шешу жолдарымен бөлісті.

 

– Ішкі туризмді дамыту мақсатында әртүрлі жобалар жүзеге асырылуда. Оның ішінде конкурстар өткізу, кешенді туристік өнімдер мен бағдарламаларды құру, жергілікті тревел-блогерлерді тарту, джип-турлар мен экспедиция ұйымдастыру бар, – деді «VISIT QARAGANDA» туристік-ақпараттық орталығының директоры Бақтияр Бекмырзаев.

Орталықтың ашылу салтанатында аймақтағы дизайнер, қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Шараға келушілер үшін ұлттық нақыштағы киімдер мен әшекей-бұйымдар ұсынылады.

– Орталық өңірге келетін туристер санын арттырып, оларға сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Туризм-экономиканың маңызды секторы, сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарда өзекті. Аймақтағы әдемі, тарихи жерлер туралы ақпарат бере алатын осындай ақпараттық орталықтар көп болғанын қолдаймын, – дейді «Nomads club» ЖШС директоры Аян Нұрмағамбетов.

Өңірдің тарихымен тереңірек танысқысы келетін саяхатшылар аталған визит орталыққа жүгіне алады.

Қанағат ЭДУАРДҚЫЗЫ,

«QH»