Құттықтаймыз!!!

Бүгін Қарағанды қаласының құрдасы Мария Лукьяновна Писаревскаяны 100 жылдық мерейтойымен Қазыбек би аудан әкімдігінің басшылығы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. К. Камалиев, «AMANAT» партиясының өкілдері құттықтады. Ардагерге денсаулық, ұзақ ғұмыр тілеп, еңбектегі, жауынгерлік ерліктері үшін алғыс білдіріп, құттықтау хаттары мен азық-түлік себетін табыс етті.
М. Л. Писаревская соғыс жылдарындағы тыл еңбеккері, Ұлы Отан соғысындағы Жеңісі үшін мерейтойлық медальдардың иегері болып табылады.
Мария Лукьяновнаға оның туған күнінде зор денсаулық, қажымас қайрат, бақыт және ашық аспан тілейміз!