Трансплантацияда донор тапшы
Қарағанды облысында гемодиализге және бүйрек трансплантациясына мұқтаж науқастар саны өсіп келеді. Қазіргі таңда 700-ден астам адам диализде, оның 300-ден астамы донорлық бүйрек күтіп отыр. Бірақ елде донор тапшылығы мәселесі әлі де өткір. Қазақстанда трансплантация операциялары тегін жасалғанымен, ерікті донорлыққа көпшілік келісім бермейді.
– Өзімді жайсыз сезіне бастадым, тексерілуге бардым. Диагнозды қойып берді. Жаман хабар болды. Бүйрегім істен шықты. Сондықтан диализде. Екіншісінің жағдайы нашар, – дейді ем қабылдаушы Марина.
Марина ұзақ уақыт бойы гемодиализде, ол болмаса, ағзасы улы заттармен уланатын болады, себебі бұл токсиндер әдетте бүйректер арқылы шығарылуы тиіс. Тұрақты түрде осы өмірлік маңызды процедураны қабылдау оны сақтап тұр, бірақ қалыпты өмір салты туралы сөз болуы мүмкін емес. Жаңа өмірге мүмкіндік – донорлық бүйрек трансплантациясы.
– Науқасқа бірінші топтағы мүгедектік осы сырқатқа шалдықса, бірден тағайындалады. Диализ орталығы оның мәліметтерін бірден шығарады. Қаны жаңартылып, трансплантация орталықтарына тіркеледі. Олардың саны уақыт өте келе артып келеді, – деп атап өтті Амбулаториялық гемодиализ орталығының меңгерушісі Владимир Жузанов.
Бір жыл ішінде облыста тек бірнеше ғана операция жасалады. Елімізде бірнеше трансплантация орталығы бар, мамандар мен заңнамалық база бар, бірақ ерікті донорлыққа адамдар әртүрлі себептермен келісім бермейді, ал бір донор бірнеше адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін. Қаржы таба алатындар басқа елдерге, мысалы, Беларуське трансплантацияға барып жатады. Қазақстанда бұл операция азаматтар үшін тегін жүргізіледі, МӘМС қаражаты есебінен, бірақ ол ең қымбат операциялардың бірі деп саналады. Беларусь елінде бұл донорлық органдардың тапшылығын қысқа мерзімде шешу мүмкін болды. Бір жыл ішінде елде шамамен мың трансплантация жасалады. Бұл көрсеткіш бойынша олар ТМД елдерінде көш бастап тұр, Ресей мен Қазақстаннан үш есе алда, әрі 10 есе көп. Себебі, онда қайтыс болған адамдардың денсаулығы мен өміршеңдігі бар органдарын трансплантация үшін алу туралы алдын ала бас тартпаған жағдайда, бұл процедура жүзеге асатынын білдіретін өлімнен кейінгі донорлық презумпциясы қабылданған.
Жұпар ТОНТАЙТЕГІ,
«QH»