Теміртаулық ұлан жоғалған қызды тапты

28.02.2023 жылы сағат 01:40 — та 5516 ә/б кезекші бөліміне Теміртау қаласы полиция басқармасының жедел кезекшісінен 27.02.2023 жылы сағат 21:00-де Ақтау кентінде 11 жасар Ульяна есімді қыз жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Бөлім командирі подполковник Рауан Омаров кинологиялық қызмет мамандары тобының бастығы аға сержант Әсет Байсүгіровты Джек есімді қызметтік итпен бірге Теміртау қаласы полиция басқармасының қызметкерлеріне іздестіруге көмек көрсету үшін жіберу туралы шешім қабылдады. Мәліметтерге сәйкес 2023 жылғы 27 ақпанда сағат 21:00 шамасында Ульяна анасын жұмыстан қарсы алу үшін үйден аялдамаға шығып кетіп, үйіне оралмайды. Кинологиялық қызмет мамандары тобының бастығы аға сержант Әсет Байсүгіров және Джек есімді қызметтік иттің шебер әрекеттерінің нәтижесінде іздеу сәтті аяқталды, қызды кинолог маман мен қызметтік ит көрсеткен үйден тапты. Қыз ата-анасына қайтарылды, тапсырманы орындау кезінде ешқандай оқиға болған жоқ. Бөлім командирі подполковник Рауан Омаров кинолог маманды жоғары қолбасшылыққа марапатқа ұсынды.

Теміртау қаласы
5516 әскери бөлімі
кіші сержант Ержан Мунбаев