«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ботақара кентінің жастар арасынан шыққан белсенділері Шалқар көлінің жағалау аумағын тазалады

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ботақара кентінің жастар арасынан шыққан белсенділері Шалқар көлінің жағалау аумағын тазалады. Іс-шараға қатысушылар қоқыстарды жинап шықты. Осылайша біздің өңірдің табиғи сұлулығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Акциядан кейін балалар Қазақстанның тарихи мұрасына құрмет белгісі ретінде «Бұқар жырау» кесенесіне экскурсияға аттанды. Бұл кесене оларға Табиғатты қорғаудың маңыздылығын ғана емес, еліміздің мәдени және тарихи құндылықтарын сақтау қажеттігін де еске салды.