Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстан қорғаныс министрлері кездесті

Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесі аясында өзбекстандық әріптесі генерал-лейтенант Баходир Құрбановпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстанның әскери саладағы екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйінің аспектілері талқыланды. Кадрларды даярлау, бірлескен жауынгерлік даярлық іс-шараларын өткізу, әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері төңірегінде әңгімелесті.

Министрлер Орталық Азия өңіріндегі сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қатысты пікір алмасты.

Тараптар екіжақты негізде, сондай-ақ ТМД және ШЫҰ-мен халықаралық форматтағы және интеграциялық құрылымдар шеңберінде екі ел арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін жоғары бағалады.