Тасқынға тосқауыл шаралары жалғасуда
Ғарыштық мониторинг мәліметтері бойынша, бүгінде Қарағанды облысы аумағының 50%-ын қар жауып тұр. Самарқанд суқоймасынан 15 м³/сек ағынымен 15 м³/сек ағызу жалғасуда, Ынтымақ суқоймасынан ағызу 16,5 м³/сек кезінде 8 м³/сек көлемінде жүргізіледі. Елді мекендерден 2 млн 247 мың м³ қар шығарылды.
139 шақырым дренаждық траншеялар қазылып, 187 шақырым каналдар мен арықтар тазартылды. Сондай-ақ 4 845 суөткізгіш құбыр мен 463 көпірді тазалау аяқталды.
Бұқар жырау, Осакаровка, Қарқаралы аудандарындағы 15 учаскеде облыстың өзендеріндегі мұзды қопсыту барысында жалпы ауданы 6 500 шаршы метрді құрайтын жарылыс жұмыстары жүргізілді.
Қарағанды облысы ТЖД қызметкерлері тұрақты негізде тұрғындармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Профилактикалық рейдтер жүргізіліп, су басу қаупі бар жеке тұрғын үйлердің тұрғындарымен қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылуда. Тұрғындармен барлығы 622 жиын өткізіліп, 30 мыңнан астам адам қамтылды. Тұрғындарға 25 мыңнан астам парақша таратылды.
Аймақта жағдай тұрақты. Елді мекендерді су басып, жолдарды шайып кету жағдайы тіркелген жоқ.
Су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда және бақылауда.
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі