Табиғатты аялайық
Заңдастырылған заңсыздық. Белгісіз кәсіпкерлер Федоров су қоймасына баратын жол бойына қоқыс полигонын қалыптастырған. Осы уақытқа дейін адам қолы тимеген табиғат аясы жаз бойы құрылыстық қалдықтар алаңына айналды. Бұл заңсыздыққа кім жауапты?
Светлана Мамыкина көп жылдан бері Орлов көшесі, 107 мекенжайында тұрады. Ол бұрын есепші қызметін атқарған, қазір зейнеткер, табиғатты тамашалап, күн сайын көлге жағалауына серуендеуге мүмкіндік болған дейді. Қазіргі таңда, үйілген құрылыс қоқыстарына таңдай қағып, аталмыш жерден өткен сайын наразылық туындайды, деп отыр қала тұрғыны.
– Барлық тұрғын наразы, бәрі жұмыста. Таңертең наразы тұрғындарды кездестіре аласыз. Ешкім байқамайды деп ойлайды ма? Аңдып отыратын мекемелер қайда қарап отырады? Дрон мен бейнебақылау қалай көрмейді, – дейді Светлана Мамыкина.
Маңайдағы кәсіпорындардың қызметкерлеріде орын алған заңсыздыққа наразы, себебі, олар ұзақ жылдар бойы тазалық сақтау үшін сенбіліктерге шығып тұрған.
– Біз бұл жерге тазалық жұмыстарын жүргізетін едік, тәртіп сақшыларын шақырған болатынбыз, құжаттарын көрсетіп, қоқыс төгіп кете береді. Сонысына қарағанда, әкімдік рұқсат беріп отыр, – дейді Rubber Technical Production кәсіпорынның бас энергетигі Қасым Әмірбеков.
Бұл мәліметті әкімдік растап, жолды жөндеп жатқанда топырақ төгуге рұқсат берілген, тіпті кейінірек тегістелген көрінеді. Дегенмен топырақты шығару мен құрылыс қалдықтарын төгу бір нәрсе емес. Светлана Мамыкина тәртіп бұзушыларды әр уақытта фотоға түсіріп, бірнеше рет оның ұялы телефоның сындырамыз деген, басбұзарларға тап болған.
– Экология департаментіне шағым келіп түспеген, тұрғындар шағымы бойынша біз, әлеуметтік желіден көріп, ол жерді барып дронмен түсірдік. Қоқыс шыныменде тасталынады екен, заң бұзған адамдарға шара қолданылады, – деп атап өтті Қарағанды облысы бойынша экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау басқармасының басшысы Бақтияр Колебаев.
Аудан басшылығы да үйіндіні білетінін айтып түсіндірді, тіпті тәртіп бұзушылардың бірін полицейлермен бірге ұстап, өздері тастаған құрылыс қалдықтарын шығаруға мәжбүрлеген. Бірақ жалпы алғанда жағдай өзгермейді, полигон көп ұзамай көлге дейін жетеді. Светлана Мамикинаның айтуынша, Камаз жүргізушілерінің бірі бұл жерге қоқыс төгуге болатыны жөнінде ақпаратпен бөліскен.
– Камаздың бір рет келіп, бір рейс жасауы 40 мың теңге. Егер жүз камаз келіп қоқыс тастаса, бұл жерде миллиондаған ақша айналып жатыр. Бұл жерде олар өзара келіскен, менің қолымнан не келеді, – дейді Светлана Мамыкина.
Сондай-ақ олар Светлана Мамыкинаға жер телімінің мемлекет меншігінде емес екенін және белгілі бір үй иесінің осында полигон орнатуға рұқсат бергенін айтқан. Жауапқа қарағанда сұрақтар басым. Аталмыш жер иесін анықтай алмадық, сондықтан экологтар бұл істі атқарады.
Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,
«QH»