«Тәрбиемен берілген білім — өлшеуі жоқ қазына»

№ 12 ЖББМ-да «Тәрбиемен берілген білім — өлшеуі жоқ қазына» атты педагогикалық кеңес өтті. Жиында ІІІ тоқсандағы оқу-тәрбие жұмысы қорытындыланып, II «Тәрбиемен берілген білім — өлшеуі жоқ қазына» тақырыбында мұғалімдермен топтық жұмыстар жүргізілді. Аталмыш педагогикалық кеңес Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының тәрбиеге қатысты ұлы дәйексөздерімен басталды. Сондай-ақ «Тәртіптің құралдары», «Сабақтағы тәртіп ережесі», «Мінсіз сынып», «Өзгерісті өзіңнен баста», «Мектеп ережесі — тәртіптің негізі», «Тәлім-тәрбие құндылықтары» тақырыптары талқыға салынды. Кеңес аясында «Жаман қасиеттерден арылайық» психологиялық тренингі өтті. Мектеп психологі Ж. Б. Түсіпова «Тәртіпке бағын жасыңнан» атты бейнематериалдар арқылы оқушы тәрбиесіндегі кеңестерімен бөлісті.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА,

«QH»