Тұрғылықты тіркеуі жоқ қазақстандықтар сайлауда дауыс бере алады
Ол үшін азаматтар сайлау күні дауыс беру учаскесіне келіп, сол ғимаратқа бір күнге тіркеуге тұруы керек.
Премьер-Министр «Ішкі көшіп-қонушыларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Үкіметтің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы Қаулысына осындай толықтыру енгізді.
Онда тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығарылған адамдарды сайлау күні сайлау учаскесінің мекен жайындағы ғимаратта немесе үй-жайда тіркеуге жол беріледі делінген.
22 қазанда аталған Қаулыға қол қойылып, қолданысқа енгізілді.
Дереккөз: @qazaqstantv