Түлек — 2022

№13 қосымша білім беру мектеп-орталығында «Түлек — 2022 мамандықтар әлемінде» атты кәсіби бағытталған көрме өтті. Көрмеде ақпараттық стендтер, презентациялар, үлестірме материалдар, колледж студенттерінің жобалары ұсынылды.

Майқұдық және Сұрыптау мектептерінің оқушылары колледж өкілдерінен кеңес алып, Қарағанды өңірінің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандықтар туралы ақпараттармен танысты. Аталмыш көрмеде 26 мектеп жоғары сыныптарының 700-ге жуық оқушысы, ата-аналар мен мектеп мұғалімдері бас қосты.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА,

«QH»