Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

«Сыбайлас жемқорлық» термині латынның «corruptio» сөзінен шыққан, мағынасы «мемлекет ағзасын, қоғамдық қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «сатып алу» терминінің мағынасы ретінде лауазымды тұлғаның өз билік өкілеттіктері мен өзіне сеніп тапсырылған құқықтарын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін алдау, қорқытып алушылық, әуре-сарсаңға салу жолымен жеке бас пайдасы мақсатында пайдалануын білдіретін термин.

Сыбайлас жемқорлық – бүкіл әлемдегі күрделі мәселелердің бірі. Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі жұмыс үздіксіз жүргізілуде және үнемі жетілдірілуде. Барлық ел үшін оңтайлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тетіктерінің бірегей жиынтығы қалыптасқан жоқ. Әрбір ел қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі әдістер жиынтығының ерекшелігі бірегей және тек саяси және экономикалық тұрақтылыққа ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып пен дәстүрге, діни ерекшеліктер мен құқықтық мәдениет деңгейіне, сондай-ақ алып отырған аумақтың ауданына, тығыздығына, халық санына да байланысты.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық проблемасы тек Қазақстан үшін ғана емес, әлемнің көптеген елі үшін өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазақстандағы экономиканы жаңғырту және ауқымды әлеуметтік өзгерістер жағдайында сыбайлас жемқорлықты жеңу – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.

2022 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы (02.02.2022 ж. №802) бекітілді.

Бұл тұжырымдама сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және халықтың сыбайлас жемқорлықтың кез келген нысандарын қабылдамауы мәселелерінде қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталған.

Қоғам сыбайлас жемқорлықты проблемаларды оңай шешудің кепілі ретінде қабылдамауы тиіс, «тұрмыстық сыбайлас жемқорлық» сияқты құбылысқа біздің қоғамда орын болмауы тиіс.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және парасаттылық жүйесін қалыптастыру кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермейтін жаңа көзқарастар мен өмірлік қағидаттары бар жас ұрпақ тәрбиелеу қағидасы маңызды рөл атқарады.

Осы аспектіде біз мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің оң имиджін және мемлекеттік орган жұмысының ашықтығын нығайту үшін шаралар қабылдаймыз.

Өздеріңіз білетіндей, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылдануымен жария-құқықтық дауларды қарау кезінде жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктері енгізілді, сондай-ақ билік органдарының шешімдер қабылдау процесіне азаматтардың қатысу кепілдіктері күшейтілді. Осыған байланысты жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініші өтініш берушілердің өздерінің қатысуымен тыңдаулар өткізу арқылы қаралады және осы рәсімді өткізгеннен кейін ғана мемлекеттік орган әрбір өтініш мәселесі бойынша қорытынды шешім қабылдайды.

Негізгі міндет – сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу арқылы мемлекеттік органның тиімді ашық қызметін қамтамасыз ету. Барлық мемлекеттік орган, лауазымды адамдар мен қызметкерлер қызметтік міндеттерін орындау кезінде, сондай-ақ азаматтық қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Егер сіздерге сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылықтар туралы белгілі болса, «Қарағанды облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті» РММ сенім телефонына 8(7212)50-78-70 немесе «Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ телефонына 8(7212)51-96-91 хабарласа аласыздар.

Аймағанбетов Н.М.,

«Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы