СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ ЖӘНЕ ЦИФРЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қарағанды қаласының әкімдігінде мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері және мемлекеттік басқару жүйесіне цифрлық шешімдерді енгізу тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараны аша отырып, Департамент басшысының орынбасары Бахтияр Макеев Қазақстан Республикасының алдағы жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жаңа тұжырымдамасының басым бағыттарын таныстырды.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдар қызметіне цифрлық құралдарды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды.
Талқылау барысында қатысушылар көтерілген тақырыптардың маңыздылығын атап өтіп, цифрлық шешімдерді одан әрі дамыту қажеттігін, сондай-ақ, елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру процесіне азаматтық қоғамды кеңінен тартудың маңызын жеткізді.