Студенттердің стипендиясы көбейді


Енді университет студенттері 31 423 теңгенің орнына 36 660 теңге алады.
Болашақ мұғалімдер мен дәрігерлердің шәкіртақысы 58 800 теңгеге дейін көбейді (бұрын 50 400 теңге болатын).
Интерндерге 66 403 теңге, магистранттарға 86 987 теңге төленеді. «Назарбаев Университетінің» магистранттары 162 500 теңге алады.
Докторанттарға 195 000 теңге шәкіртақы тағайындалды, ал магистранттарға 100 036 теңге төленеді.
Басқа стипендиялардың мөлшері өзгеріссіз қалды.