«Стратегиялық интеграция және технологиялар»

 

Есентай Мұқатайұлы Әшім Білім бөліміне басшылыққа келгеннен бастап «Стратегиялық интеграция және технологиялар» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арнап оқыту курсын ұйымдастырған болатын. Себебі адам құндылығын дамыту арқылы әлем елдері ғылым мен білімге аса көңіл бөліп, білімді де білікті маман даярлау ісіне зор мән беруде. Басшының да алға қойған басты мақсаты қазақ тілінің оқытылу, зерттелу бағыттарын кеңейту болып отыр. Қаланың орыс тілінде оқытатын мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің алдында TED Х форматында «Сабақ жоспарын ойлаудың таксономияларына бағындыру» тақырыбында Есентай Мұқатайұлы сөз сөйледі. Ұстаздар қауымына TED Х форматында сабақ жоспарын неғұрлым тиімді ету үшін оны педагогикалық ғылымға негіздей отырып құруды сатылап көрсетті. Ғылымды қолданбалы тәсілдер арқылы күнделікті бізді қоршаған құбылыстармен байланыстыру арқылы түсіндіріп берді.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА,

«QH»