«Спутник Лайт» вакцинасының 150 мың доза партиясы Қазақстанға жеткізілді
COVID-19-ға қарсы «Спутник Лайт» вакцинасының 150 мың дозасы жеткізіліп, «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторының қоймасына келіп түсті.
Эпидқорғауға байланысты «Қарағанды фармацевтикалық кешені» «Спутник Лайт» вакцинасын тегін гуманитарлық көмек ретінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне берді.
Вакциналардың осы партиясы жедел түрде ел өңірлеріне жіберілетін болады. Алдағы күндері вакцина Қазақстан Республикасының азаматтарына коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау үшін қол жетімді болады.
«Спутник Лайт» — ревакцинация үшін қолданылатын бір компонентті вакцина. Ол Н.Ф. Гамалеи атындағы НИЦЭМ Ресей тікелей инвестициялар қорымен бірлесіп әзірленген.
Ресейдің тікелей инвестициялар қорының мәліметтері бойынша препараттың тиімділігі 79,4% құрайды. Аталған вакцинаның қауіпсіздігі бірқатар елдерде: БАӘ, Бахрейн, Аргентина, Ресей, Мексика, Сербия, Сан-Марино, Филиппин, Ливия, Парагвай, Венгрия, Әзірбайжан және Беларусьте вакцинация бойынша нақты деректермен расталған. Сондай-ақ, жетекші халықаралық ғылыми басылымдарда 20-дан астам жарияланым бар.
Вакцинаның сапасын қамтамасыз ету мақсатында өндірушіден медициналық ұйымдарға дейінгі барлық жолда суық тізбекке тиімді мониторинг жүргізіледі. «Спутник Лайт» вакцинасы мұздатылған препарат түрінде жарықтан қорғалған жерде, минус 18°C жоғары емес температурада сақталуы тиіс.
Қазақстан аумағында халықты вакцинациялау үшін Biontech, «QazVac», «Спутник V», «Hayat-Vax», «CoronaVac», «Sinopharm», «Comirnaty Pfizer/BioNTech»сияқты вакциналар қолданылады.
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті