Сот үкімі
2 жыл бас бостандығынан айыру және моральдық залал келтіргені үшін 2 миллион теңге. Осы жылдың қаңтар айында Майқұдықта жедел жәрдем жүргізушісіне жұдырық жұмсаған Шымкент қаласының тұрғынына қатысты үлкен сот процессі аяқталды.
Бүкіл сот процесі интернет байланысы арқылы таратылды. Осы жылдың 27 қаңтарында түн ортасында Нұрболат Дакебаев қоқыс төгуге бара жатты. Оның жолын сырқат нәрестеге келген жедел жәрдем көлігі жауып тастады. Басында ер адам жүргізушіге сөйлеген, ал қайтар жолда ұрып-соғып, зардап шегушіде сынықтар мен ми шайқалуы болды . Соңғы сөзінде Дакебаев жүргізушіден кешірім сұрады және өзінің жасаған әрекетіне қатты өкінетінін айтты. Одан бөлек Нұрболат Дакебаев үйінін асыраушысы, 3 баласы бар.
— Құрметті сот мырза, жасаған ісіме қатты өкінемін. Мына жеті ай абақтыда көп нәрсені түсіндім, көп нәрсені таразыладым. Және сот мырзадан сұрайтыным, маған шешім шығарарда бостандықтан айырмасаңыздар, -деп өтінді сотталушы.
Жүргізуші Төреғали Берікқалиұлы алған соққылардан кейін көлік жүргізе алмады, сол үшін балаға тағы бір жедел жәрдем көлігін жіберуге мәжбүр болды. Жәбірленуші алдымен қылмыскерді кешіруді көздеді, бірақ кейін ойынан айнып, қатаң түрде жазалауды талап етті. Сараптама оның орташа ауырлықтағы денсаулығына зиян келтіргенін растады.
— Дакебаев Нұрболат ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігінің 5-тармағында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық атқару жүйесі мекемесінде 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын, -деп үкім шығарды сот Бақтияр Аканов.
Жаза мерзімінде қамауда ұстау уақыты бойынша камерада болған 1 күн, коллониядағы 2 күн ретінде есептеледі. Яғни, ол мерзімнің көп бөлігін камерада өткізді. Сонымен қатар, ол жедел жәрдем жүргізушісіне моральдық залал келтіргені үшін 2 млн теңге және адвокаттың қызметі үшін 700 мың теңге төлеуге міндетті.
Айдын ЖОЛҚҰТТЫТЕГІ, «QH»