Әскери тәртіп қатаң сақталады
«Астана» өңірлік қолбасшылығы басшылық құрамының қатысуымен оқу-әдістемелік жиын өтті. Іс-шара барысында күнделікті қызметті жоспарлау сапасын арттырумен қатар нығайтудың негізгі бағыттары айтылды.
«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріндегі әскери тәртіп пен құқықтық тәртіп жағдайы қарастырылып, қызметтік жұмыстардың қорытындыларын шығару, 2023 жылғы қысқы оқу кезеңі мен өңірлік қолбасшылық әскерлерінің жазғы оқу кезеңіндегі міндеттері қойылды.
– «Астана» өңірлік қолбасшылығының базасында басшылық құрамының қатысуымен оқу-әдістемелік жиын өткізілді. Бұл жиында барлық басшылық құрамға теориялық және практикалық сабақтар жеткізілді. Сонымен қоса жазғы оқу кезеңіне мән берілді. Бұл жиынның басты мақсаты – ҚР Қарулы күштерінде тәртіпбұзушылық пен заңсыздықты болдырмау, сондай-ақ олардың алдын алу, – деп атап өтті «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, подполковник Мұрат Агубаев.
Оқу-әдістемелік жиын барысында анықталған кемшіліктерді жою жөнінде практикалық ұсыныстар және сапаны арттырудың негізгі бағыттарын көрсету, әскери бөлімнің күнделікті өмірін жоспарлау жайы да сөз болды. Аталмыш іс-шараға жұмылдырылған әскери қызметшілер және өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысы басқармасынан 26 адам қатысты.