Әскери прокуратура Ұлттық ұланда жұмыс жасады …
08 қараша күні Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының 6505 әскери бөлімінде Орталық аймағының әскери прокуратурасының Бас және Бас әскери прокуратуралардың тапсырмаларына сәйкес Қарағанды гарнизонының Қарулы күштері, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдай департаменті мен шекара қызметінің әскери бөлімдері мен мекемелерінде «Заң керуені» соңғы акциясы өткізіліп, жұмыстың қорытындылау кезеңі өтті. Акцияны Орталық аймағының прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмаділов бастап келді.
Айта кетерлік, акция Қарағанды гарнизонының Қарулы күштері, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдай департаменті мен шекара қызметінің әскери бөлімдерінде қазан айының 30 мен қараша айының 8-і аралығында толықтай қамтылды. Акцияның басты мақсаты етіп әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне жедел құқықтық көмек көрсету, олардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру, прокуратураның құқық қорғау функциясын іске асыру, өңірдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін азаматтық қоғамның, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру болып табылады.
6505 әскери бөлімінде өткен іс-шарада, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысы жөніндегі орынбасары полковник Қанат Беляков құзырлы органға Ұлттық ұлан әскери құрылымының тарихы мен атқарылатын қызметі жайлы баяндап, акция өзінің жоспарға сай жұмысын жалғастырды. Акция барысында бөлімнің әскери қызметшілері өзара пікір таластырып, әкімшілік маслихатының, денсаулық сақтау, тұрғын үй қатынастары, халықты жұмыспен қамту және өңірдің әлеуметтік бағдарламалары органдарының өкілдерінен қызмет барысына байланысты сұрақтарға жауап алды.
ҚР Ұлттық ұланы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.