Әскери бөлімге саяхат

«Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты 31775 әскери бөлімде Ашық есік күні өтті, оған Қарағанды мектептерінің 100-ден астам оқушысы шақырылды. Аталмыш әскери бөлімнің басшылығы әскери бөлімге экскурсия ұйымдастырып, оқушыларға казармалар, оқу кабинеттері мен спорт бұрыштары көрсетілді. Мектеп оқушылары сарбаздардың күнделікті өмірімен толық танысуға мүмкіндік алды.

Әскери қызметкерлер әскери бөлімде қызмет ету кезіндегі қару-жарақ пен әскери техниканы көрсетті. Әскери міндеттілер оқушыларға жауынгерлік дайындық элементтерін паш етті. Экскурсия соңында мектеп оқушылары сарбаздар асханасында түскі ас ішті. Шараға келген балалар шараға шақырған әскери қызметкерлерге алғыс білдірді.

– Біз үшін осындай шараның ұйымдастырылғанына өте қуаныштымын. Бұл мен қатысқан ең керемет экскурсия шығар. Автоматтар мен танкілерді көру арманым еді. Мен міндетті түрде әскерге барамын, тіпті осында жұмыс істеу үшін келісімшартпен қалатын шығармын, – деп ой бөлісті қалалық №4 мектептің 10-сынып оқушысы Дмитрий Штанко.

Ашық есік күні – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, туған жерге деген патриоттық сезім қалыптастыруға бағытталған маңызды шара.

Құралай КӨБЕНОВА,«QH»