Шолу «құндылықтарға негізделген білім беру»

«Ә. Ермеков атындағы мектеп- лицей» КММ-да «Құндылықтарға негізделген білім беру» тақырыбында кезекті № 4 педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңес мақсаты — оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда құндылықтарды насихаттау, оқушы бойына ата-бабаларымыздан бері келе жатқан рухани құндылықтарды сіңіру. Осы орайда білім ордасында «Құндылықтарға негізделген білім беру жүйесін» енгізу жолында бірқатар жұмыс жоспарланып, шығармашылық топтар құрылып, жұмыстар басталған. Педагогикалық кеңесте шығармашылық топ осы тоқсан басынан оқутәрбие процесін сәуір айын «Ынтымақтастық», мамыр айын «Отансүйгіштік» құндылықтарға негіздеп және келесі жаңа оқу жылының тоғыз айын басқа да құндылықтарға бағыттау бойынша мақсатміндеттер анықталды. Педагогикалық кеңес соңында мектеп ұжымымен кері байланыс жасалып, «Рухани құндылықтар — адам жанының арқауы» атты мақсатты алға қойып, қабырғаға өз қолтаңбаларын қалдырды.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА,

«QH»