Шет тілімен өрлеу

Білім бөлімі әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, Қарағанды қаласы мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Continuing Professional Development with OTC» семинары өтті.

Британдық Кеңес пен Өрлеу OTC курсының 1-кезеңін бітірген және сертификат алған мұғалімдер өз сабақтарында курстан алған білімін пайдалану тәжірибесімен бөлісті.

Семинарда сертификатталған мұғалімдердің сабақтарынан бейнеүзінділер көрсетілді, сондай-ақ мұғалімдер өздерінің презентациялары кезінде интерактивті ойындар өткізді. Жиынға қатысқан ағылшын тілі мұғалімдері белсенділік танытты.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА,

«QH»