«Шахтер – 2012» жасөспірімдер командасы Халықаралық футбол турнирінде қола жүлдеге ие болды
«Шахтер – 12» жасөспірімдер командасы футболдан халықаралық жарыстардың қола жүлдегері атанды. Қырғызстанда өткен және Әбдіш Сәкебаевтың 100 жылдығына орайластырылған жарыстарда қарағандылықтар алаң иелерін 2:0 есебімен жеңді.
U-12 жас санатында «Спартак» (Ресей), «Дордой», «Абдыш-Ата», «Ильбирс» және «Дордой Плаза» (Қырғызстан), «Астана», «Қайрат» және «Шахтер» (Қазақстан) сияқты 8 команда үздік атағына таласты.
Қарағандылық команданы Михаил Лермонтов және оның көмекшісі Тимур Насыров жаттықтырады.
– Бұл турнир бізге өте қажет болды, өйткені қыс мезгілінде олар манежде дайындалды. Біз ол жерде 8+1 форматында ойнай алмаймыз. Мұнда толық өлшемді алаң бар. Біз көп ақпарат алдық, қайда бару керегін білеміз. Мәскеулік «Спартакпен» ойнадық және алда әлі біраз еңбек ету керегін түсіндік. Бірақ біздің жігіттер жақсы өнер көрсетті, – дейді команда жаттықтырушысы Михаил Лермонтов.
Жарыста «Спартак» жеңіске жетті. Екінші орынды «Қайрат» иеленді. Финалдық ойында «Шахтер» «Дордойды» жеңіп турнирдің қола жүлдегері атанды.
Сондай-ақ қарағандылық ойыншы Қанат Әлішер «Үздік қорғаушы» атағын жеңіп алды.
Турнир қорытындысында Қазақстан чемпионатының бірінші турының құрамы айқындалатын болады.
Құралай КӨБЕНОВА, «QH»