Шәкіртақы көбейді
Елімізде жоғары оқу орындары шәкірттерінің стипендиясын көбейту жұмысы жалғасады. Биыл студенттердің стипендиясы 20%-ға, ал магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 2020 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда 15%-ға өседі. Бұдан басқа мемлекеттік білім беру гранттарының санын 10%-ға ұлғайту жоспарланған.
Зерттеу экожүйесін қалыптастыру және инновациялық технологияларды дамыту шеңберінде отандық жоғары оқу орындарын зерттеу, жоғары оқу орындарын трансформациялау процесі жалғасады. Атап айтқанда, 2023 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті жаңа мәртебеге ие болады. Бұл оның ғылыми әлеуетін және ғылыми жобаларды коммерцияландыру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Бірінші жартыжылдықта мемлекеттік тапсырыс шеңберінде студенттердің 5 500 орындық 9 жатақханасын пайдалануға беру жоспарлануда. Бұған қоса жатақханаларды қайта жөндеу және салу ісі МЖӘ тетігі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте ЖОО-лар жатақханаларда орындардың қажетті саны болған жағдайда ғана қосымша мамандықтар аша алатын болады.
Арман ӘБІЛҚАСЫМОВ