Сарыарқа батырлары

Қарағандыда 29-30 сәуірде ересектер арасында қазақ күресінен «Сарыарқа батырлары» Азия кубогы өтеді. Спорт сайысы қаланың 90 жылдығына орай және ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Диқанбай Биткөзовтің құрметіне орайластырылған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпион белбеуі үшін жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Моңғолия, Үндістан және Тәжікстаннан келген мықты спортшылар қатысады. Жүлде қоры 10 млн теңге.

Турнирдің салтанатты ашылуы 29 сәуір сағат 12-де «Жастар» спорт кешенінде өтеді.

Жарысты ұйымдастырушы – Қарағанды қаласының әкімдігі.

Диқанбай Биткөзов – Жаңаарқа ауданының тумасы. 1964 жылы еңбек жолын самбо және қазақ күресінен жаттықтырушы ретінде бастады. Әлемдік деңгейде жеңіске жеткен көптеген спортшы тәрбиеледі.