«Сарыарқа» АЭА-на дейін жолаушылар автобусы жүретін болады
Қарағандыда «Сарыарқа» АЭА-на дейін жүретін қоғамдық көлік мәселесі шешілді. Бұл кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысқа баруына ыңғайлы болуы үшін қажет, деп хабарлады қалалық әкімдіктен.
«20 қаңтардан бастап «14 шағынаудан – Сарыарқа АЭА» бағыты бойынша қосымша маршрут қозғалысы басталады. «АЭА 71 бағыты» белгісі бар автобус тек жұмыс күндері ғана 16 рейс орындайды және «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағы мен Тау Кен Темір аялдамасында аялдайды», – делінген Қарағанды қаласының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің хабарламасында.
Жолаушылардан жаңа бағытты «Қарағанды – Көкпекті» бағыты бойынша жүретін №71 маршрутпен шатастырмауды өтінеді.