Салық реформасы – бір сәттік фискалдық науқан емес
Салық реформасы – бір сәттік фискалдық науқан емес. Бұл – мемлекет пен азамат арасындағы сенімге негізделген тұтас жүйені қайта құру.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, салық саясатының түпкі мақсаты – бюджет толтыру ғана емес, азаматтардың мүддесін қорғау, әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету.
Тиімді салық жүйесі:
– кәсіпкерлікті тұншықтырмайды,
– адал еңбек пен бастаманы қолдайды,
– әлеуметтік жауапкершілікті күшейтеді.
Ең бастысы – салық реформасы қоғамның барлық тобына түсінікті әрі әділ болуы тиіс. Өйткені әділ жүйе ғана тұрақты дамуға жол ашады.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбатынан

