Сайлау-2026: ақпараттық хабарлама
2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына байланысты сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру құны, шарттары және тәртібі туралы ақпараттық хабарлама.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 «Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес, «КЕНТ» баспа үйі» ЖШС 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысу үшін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партияларға сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастыру үшін газет пен интернет-ресурстардағы ақпараттық алаңдарды ұсыну құны, шарттары және тәртібі туралы хабарлайды.
«КЕНТ» баспа үйі» ЖШС шарт негізінде Құрылтай депутаттығына үміткерлерге және сайлауға қатысуға жіберілген саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерге «Qaragandy Habary» газетінде, https://arqaaqshamy.kz/ сайтында және газеттің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында үгіт материалдарын орналастыру үшін баспа және интернет алаңдарын ұсынады.
«Qaragandy Habary» газетінің ішкі беттеріндегі жарияланымның 1 шаршы сантиметрінің құны – 120 теңге.
Дайын материалды сайтқа орналастыру құны – 15 000 теңге.
Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі бір жарияланымның құны – 1 500 теңге.
Газет пен интернет-ресурстардағы ақпараттық алаңдар үміткермен немесе саяси партиямен жасалған жазбаша шарт негізінде ұсынылады.
Үгіт материалдары редакцияға жарияланатын күнге дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын дайын баспа түрінде (әр бетіне үміткердің немесе оның сенім білдірілген тұлғасының қолы қойылған) және электрондық нұсқада ұсынылуы тиіс.
Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі редакцияға келіп түскен жазбаша өтініштердің тіркелу ретімен айқындалады.
Бір күнде бірнеше үміткерден немесе саяси партиядан өтініш түскен жағдайда, редакция жеребе тарту рәсімін өткізеді. Жеребе тартуға үміткерлердің уәкілетті өкілдері, саяси партиялардың өкілдері және дауға тәуелсіз тарап ретінде бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысады.
Үгіт материалдары редакция ұсынған шот бойынша 100 пайыз алдын ала төлем жасалғаннан кейін ғана жарияланады. Төлем редакция ұсынған шот берілген күннен бастап 3 (үш) банктік күн ішінде жүргізілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына үміткерлердің сайлауалды үгіт материалдарында оларды қаржыландыру көзі туралы мәлімет міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес келмейтін материалдар жарияланбайды.
«КЕНТ» баспа үйі» ЖШС
