С.Огай: этникалық шығу тегіне қарамастан — бәріміз Ұлы дала баласы, Қазақстан азаматтарымыз

Этномәдени бірлестіктер және Ассамблеяның барлық құрылымдары — жаңа реформаларды құрудағы өте маңызды азаматтық ресурс. Ең алдымен, жаңа Қазақстанды құруды өзімізден бастауымыз керек деген нақты түсінік бар. Алда күрделі жұмыс күтіп тұр, және біз жаңартудың барлық үдерістеріне толық көлемде қатысуға дайынбыз. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI сессиясы барысында Қазақстан корейлері қауымдастығының басшысы Сергей Огай мәлімдеді. Кездесу елордада Президент, ҚХА Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтуде.


Огай бірлестіктің жұмысқа кіріскенін айтып, олардың кейбіріне тоқталып өтті.

Бірінші және ең бастысы, бұл этносаралық келісімді нығайту жөніндегі жұмыс. Біздің бірлігіміз әралуандылықта — жалпыұлттық құндылықтар алдыңғы қатарға шығады. Біз Ассамблеяға қатысты сын туралы білеміз. Ол бірде әділ болады, біз онымен келісеміз. Бірақ, айта кетерлік жайт, көп нәрсе көрсету үшін, PR үшін жасалмайды. Бүгінде Ассамблея күрделі сынақтан өтті деп сеніммен айта аламын. Этномәдени бірлестіктердің мыңдаған көшбасшылары мен медиаторлары қиын сәттерде халықпен жұмыс істеп, жанжалдардың алдын алуға тырысады, сындарлы диалог жүргізеді. Халықтың даналығы ең қиын кездерде білінеді. Этносаралық қатынастар саласының нәзік және шектен шығу оңай екенін бәріміз де білеміз. Дегенмен, Қазақстанда этносаралық қақтығыстар жоқ екенін атап өтуім керек! Елдің мызғымас шекарасы бар. Біз өзімізді Тәуелсіз Қазақстаннан тыс елестете алмаймыз. Кейбір арандатушылар күнделікті жанжалдарды пайдакүнемдік мақсатта пайдаланады. Бұл ретте Ассамблеяның әдеттегі қарапайымдылығы мүлдем орынсыз деп санаймын. Мұны түзетуіміз керек», — деді спикер.

Ол сондай-ақ жұмыстардың тағы бір белсенді бөлігі — халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау туралы айтып берді. 2021 жылдан бастап осы күнге дейін 150 мыңнан астам азаматқа 1,3 млрд теңгеден астам сомаға көмек көрсетілді. Бұған шамамен 13 мың адамнан тұратын Аналар кеңесі көмектесті. Бұл бағыттағы жұмыс Президенттің бастамасымен құрылған «Қазақстан халқына» қорының маңыздылығы мен өзектілігін көрсетеді.

«Үшінші бағыт — бүгінде еліміз үшін аса қажетті прогрессивті реформаларды қоғамдық қолдау. Әрбір этноорталық бір мақсатпен біріктірілген Азаматтар қауымдастығы болып табылады. Біз өзіміздің тарихи тамырымызды тұрақты әрі гүлденген Қазақстанда ғана сақтап қалуға болатынын түсінеміз. Сондықтан, ең алдымен, ел бірлігіне қамқорлық жасауымыз керек. Жақында 200-ден астам кәсіпкер қатысқан ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының жиналысында барлығы тарихи шығу тегі бар елдердің серіктестерімен бірлескен кәсіпорындарды дамыту жөніндегі ұсынысты қолдады. Атап айтқанда, корейлер қауымдастығында жаңа технологияларды тарту бойынша Оңтүстік Кореямен жұмыс істейтін «Инвестикс» компанияс құрылдық. Ассамблеяда әлеуметтік маңызы бар халық жобаларын әзірлеуге көмектесетін жобалық кеңсе құруды ұсынамын. Қазір біз қоғамымыздың қалай жанданғанын, жаңа одақтар мен бірлестіктердің пайда болғанын көріп отырмыз. Бұл өте жақсы. Мемлекет азаматтардың белсенділігі мен жақсы өмірге деген ұмтылысын қолдайды. Нақты бағдарламалар бар. Әрқайсымыздың қасиетті міндетіміз — осы тағдырлы процеске өз үлесімізді қосу. Қай жерде жұмыс істесек те, этникалық шығу тегіне қарамастан, бәріміз де Ұлы дала баласы, Қазақстан азаматтарымыз. Біз және біздің ұрпақтарымыз осында тұрады!»,- деп түйіндеді корейлер қауымдастығының басшысы.
Жаңа Қазақстанды құруда алға қойылған мақсат саяси инновациялардың, азаматтық бастаманың және кәсіпкерлік энергияның синергиясын талап етеді. Сергей Огай барлығын сөзден іске көшуге және жаңа реформалар беретін мүмкіндікті пайдалануға шақырды!