Сәлем «Бача»…
15 ақпан күні Қарағанды қаласының Жеңіс саябағында КСРО әскерлерін Ауғанстаннан шығару күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекеге Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, «Жас ұлан» республикалық мектебінің курсанттары мен ауған ардагерлерінің өздері қатысты. Ауғанстандағы соғыста қаза тапқандарға құрмет көрсетіп, даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікті еске алды. Іс-шараны Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Кожухов жеке өзі басқарды.
Өз сөздерінде қала әкімі Мейрам Кожухов пен «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев ардагерлерге алғыстарын білдіріп, халықтың игілігі үшін қызмет ету, ұрпақты тәрбиелеу әрқайсымыз үшін ең жоғары міндет екенін атап өтті.
— Бүгін әрқайсымыз үшін мереке күні, біз әрқайсыңды құрметтейміз, Ауғанстанда бізбен бірге қызмет еткен, қазір бізбен бірге болғандар және сол Ауған жерінде қайтыс болған тарихқа мәңгілікке есімізде. Біздің қазіргі міндетіміз-өскелең ұрпақты бейбіт елдің болашақ қорғаушыларын Отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, деп
отставкадағы полковник Амангелді Темірханұлы Жантасов атап өтті. (Ауғанстанда 177-ші SPN Gru отрядында, аты аңызға айналған Қара майордың басшылығымен «мұсылман батальонында» қызмет еткен).
Ауған жерінде қаза тапқандардың ескерткішіне келгендердің барлығы «Сәлем Бача» деген сөзбен амандасады екен, бұл «Сәлем досым, бауырым» дегенді білдіреді, өткен күнді еске түсіріп, әр сөздерінде рухтың күші сезіледі, ал кеуделеріндегі «Батылдық үшін», «батылдығы үшін» және т. б. медальдармен толтырылған нысанды киім көздің жауын алып, дәл сол кезді сипаттайды.
«Мен 1984-1986 жылдары атқыш сарбаз ретінде қызмет еткенмін. Уақыт мен үшін зымырап өтті, себебі әрқашан қызметтеміз, содырлар күштерінің өтпеуі үшін жолдарда, шатқалдарда кездесіп жауға тойтарыс беретінбіз. Жеке өзім тапсырма орындауға кетіп бара жатып, «мүмкін қайтып келмеймін шығар, жігіттер аман болыңдар» деп қоштасып кетіп бара жатқан жігіттерді талай көріп, мүмкін сезе ма екен деп әлі күнге шейін ойланамын. Бүгінгі іс-шара бауырларымызды, іс-әрекеттерімізді ұмытпау үшін және осында келген жас буынға көрсетіп, болашақ Отан қорғаушыларымызды тәрбиелеу мақсатында жыл сайын өткізіліп тұрады, — дейді ардагер Бауыржан Тұрсынұлы Рымжанов.
— Постолов Сергей Владимирович, Ахметжанов Серик Жолмаганбетович, Степура Александр Генадьевич, Саменов Марат, Дюсембеков Нурлан Айдарханович, Букаев Михайл Михайлович, Юдаков Валерий Владимирович, Ямпольский Олег Анатольевич Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында бұрыңғы Ішкі әскер қазіргі Ұлттық ұлан ардагерлері әлі де Ұлттық ұлан сапында қызмет етіп жүрген сарбаздарға бас болып, тәрбиелеу жұмыстарында ерең еңбек етуде.
Қазіргі уақытта дәл осындай іс-шаралар Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің қатысуымен Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында өтуде.
ҚР ҰЛТТЫҚ ҰЛАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.