«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылдығы» арнайы жоба аясындағы «Ғасырлар үні» аймақтық жыршы-жырау-термешілер байқауына ақпарат

2022 жылдың 25 сәуірінде «Молодежный» Мәдениет Үйінің үлкен залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылдығы» арнайы жоба аясындағы «Ғасырлар үні» алғашқы аймақтық жыршы-жырау-термешілер байқауы өткізілді.

Байқау қатысушылардың тіл мәдениетін дамытуға және ұлттық дәстүр мен өнерді насихаттауға бағытталған. Негізгі мақсаты: сөйлеу мәдениетін қалыптастыру; ұлттық өнердің мәйегі болып табылатын жыр және терме жанрын дамыту; жыр және терме өнерін жастардың арасында дәріптеу; заман талабына сай жаңа жыр және терме шумақтарын жарыққа шығару.

Байқау талабы бойынша қатысушы келесі тақырыптарды: ел бірлігі туралы; Тәуелсіздіктің 30 жылдығы туралы; тілдің Қазақстан халқын топтастырудағы маңызды рөлі туралы; Мәңгілік ел идеясы туралы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150-жылдығы, Қазыбек би бабамыздың 355-жылдығы, Бұхар жыраудың 330-жылдығын ұстануы тиіс болды.

Байқаудың әділқазылар алқасы: Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Тәттімбет атындағы өнер колледжінің дәстүрлі ән бөлімінің оқытушысы, Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «Арай» ансамблінің жетекшісі, Арқаның  дүлдүл әншісі Әркенов Дәуренбек Мақсұтбекұлы; Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, ақын Асқаров Қайрат Белгібайұлы; Республикалық, облыстық конкурстардың лауреаты, Қасым Аманжоловтың 110-жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ» Республикалық конкурстың бас жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Мейірхан Сәйдіұлының шәкірті – Айбек Рымғали.

Байқауға Балқаш қаласы, Қарағанды қаласы, Бұқаржырау ауданы, Қарқаралы ауданы, Жаңаарқа ауданынан үміткерлер бақтарын сынауға келді. Байқауға 17 үміткер қатысты.

Әділқазылар алқасы байқауға қатысушыларды: ұсынылған шығарманың тақырыптарын қамтуы мен өзектілігі; шығарманың мазмұн тереңдігі, шығарманы орындау шеберлігі; тіл нормасының сақталуы; сахна мәдениеті, киім үлгісі критерийлерін есепке ала отырып, келесі жеңімпаздарды анықтады.

  • 3 орын – Мүрсәлім Ақжол (Қарқаралы ауданы)

Кеңес Салтанат (Балқаш қаласы)

Сансызбаев Аңсаған (Қарағанды қаласы)

  • 2 орын – Саутхан Фарида (Бұқаржырау ауданы)

Шаймаханбет Бекарыс (Қарағанды қаласы)

  • 1 орын – Тәттімбек Айбек (Жаңаарқа ауданы)

Қатысушылар алғыс хаттармен, жеңімпаздар сыйақы және дипломдармен марапатталды.