Өрт ортасында жүріп, тұрғындарды құтқаруға атсалысып жатқан азаматтарға алғыс айтамыз — Аманжол Әлтаев

Қостанай облысында тілсіз жау 43 мың га артық жерді шарпыды. Осындай өрт ортасында жүріп, тұрғындарды құтқаруға атсалысып жатқан азаматтарға алғыс айтамыз. Өрт салдарынан зардап шеккен ауыл тұрғындарына Әуликөл ауданының тұрғындарына көмек көрсетілуде. Осы қиын сәтте құтқарушыларға, өрт сөндірушілерге ерекше алғысымызды білдіреміз, деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Аманжол Әлтаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында.

«Осындай қиын сәтте бізге көмекке келетін осы өрт сөндірушілер. Олар тәулік бойы қызмет етіп, өрт сөндіруге үлкен үлес қосып жатыр. Президентіміз айтқандай, Қазақстанның ТЖМ қарасты барлық өрт сөндірушілері бірігіп, үлкен істе кәсіби шеберлігін көрсетуде. Қорғаныс министрлігі, Ұлттық  ұлан сарбаздары бірігіп, қиын сәтте көмек қолын созуда. Құтқарушыларға ерекше рахмет айтамыз. Алдағы  уақытта өрт сөндірушілердің әлеуметтік жағдайының жақсаруына, билік тарапынан ықыластың жоғары болуын қалаймыз. Басын қауіпке тіккен ең бір маңызды қызметтің бірі — өрт сөндіру. Қазақстанда осы салада еңбек етіп жатқан бауырларымызға қазақстандықтардың атынан рахмет айтамыз», — деді спикер.