«Өрт қауіпті»

Жыл сайын көктемгі-жазғы уақытта өрт қаупінің саны өседі. Олардың басым бөлігі отты абайсыз қолдану салдарынан орын алады. Қарағанды облысының мемлекеттік орман қоры аумағында өрт қаупінің кезеңі басталды. Осы орайда Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды басқару басқармасы өрт қауіпсіздігі талаптарын еске салады.

Ормандарда өрт қауіпсіздігі талаптары мен санитарлық ережелерді бұзу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 367-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға — 10 АЕК мөлшерінде, лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — 30 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 50 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Өрт туындауына, адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет, егер бұл іс-әрекет ірі залал келтірмесе, жеке тұлғаларға — 25 АЕК, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне — 45 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — 70 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне — 250 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі шаруашылық қызметкерлері жағдайға тұрақты режимде мониторинг жүргізеді, орманшылар аумақтарды патрульдейді.

2021 жылы Қарағанды облысында өрт нормаларын бұзғаны үшін жеке және заңды тұлғаларға жалпы сомасы 1,22 миллион теңге айыппұл салынды.

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы қарағандылықтарды ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет екенін, сондай-ақ құрғақ шөпті жағуға қатаң тыйым салынғанын ескертеді.