«Робокэш.кз» МҚҰ және DeFacto FM қаржылық сауаттылық туралы алғашқы инклюзивті тележобаны іске қосты
Қызықты шығарылымдар отбасылық бюджетті басқаруды, қаржылық қызметтер мен құралдарды дұрыс пайдалануды, арман үшін қаражат жинауды және ақшадан «қорықпауды» үйретеді. Бағдарламалар циклы ең алдымен әлеуметтік осал топтарға және мүмкіндігі шектеулі жандарға бағытталған.
Бұл бірегей әлеуметтік жоба 2023 жылдың желтоқсан айының соңында «Робокэш.кз» МҚҰ (Займер бренді) қолдауымен DeFacto FM инклюзивті ақпараттық порталы арқылы іске қосылды.
Әрбір бағдарлама – бұл қаржыны басқаруға арналған қарапайым әрі түсінікті нұсқаулық, оны сарапшылардың пікірімен бекіткен. Жобаның ерекшелігі – мүмкіндігі шектеулі жүргізушілердің қатысуы, сурдоаударманың міндетті түрде болуы және қазақ және орыс тілдерінде жүргізілуі. Мұндай тәсіл жобаны барынша қолжетімді және инклюзивті етеді.
Оқытуға арналған шығарылымдар DeFacto FM YouTube арнасында апта сайын жарияланып отырады. Жарық көрген бағдарламаларда жүргізушілер психотерапевт Надия Бөкейханованың көмегімен ақшаның неге стресс тудыратынын және одан қалай арылуға болатынын түсіндірсе, «Робокэш.кз» МҚҰ бас директоры Алмаз Торутаев қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша ұйымның бастамаларын таныстырды.
«Қаржылық сауаттылық – бұл тек ережелер жиынтығы ғана емес, ол – еркіндік, сенімділік және мүмкіндік. Біздің мақсатымыз – адамдарға өмірін жақсартуға көмектесетін құралдар беру. Сарапшылардың қатысуы мен жоба командасының шынайы ынтасы бұл жобаны әрбір қазақстандық үшін бірегей әрі маңызды етеді», – деп атап өтті ол.
Жақын арада DeFacto FM көрермендерімен өз білімдері мен кеңестерімен келесі мамандар бөліседі:
- Қаржылық тұрақтылықты нөлден бастап құруды үйрететін «№1 Қаржылық сауаттылық мектебінің» бас директоры Ақжүніс Брасилова;
- Жеке қаржы бойынша сарапшы Зарима Атабаева;
- Белгілі қаржы кеңесшісі Дина Розбаева және тағы басқалар.
Жобаның басты мақсаты – мыңдаған адамды қамту және олардың қаржыны сенімді басқаруына мүмкіндік беру. Көрермендер қаржылық құралдарды дұрыс пайдалануды, киберқылмыстың алдын алуды және өз балаларына ақшаға дұрыс көзқарас қалыптастыруды үйренеді.
«Біз ақшаны басқару қиын деген мифті жоққа шығарғымыз келеді, – дейді DeFacto FM инклюзивті порталының басшысы, Жетісу облысы «Мейірім» мүгедектер қоғамдық ұйымының төрағасы Гүлвира Таубалдинова. – Қысқа, бірақ мазмұнды екі тілдегі бағдарламалар арқылы күрделі тақырыптарды да қарапайым тілмен жеткізуге болатынын көрсетеміз. Шығарылымдар әрбір адамның жаңа білімді өміріне енгізіп, нәтижесін көруіне мүмкіндік беретіндей құрылымдалған. Бұл жоба әлеуметтік жауапты бизнестің қолдауымен жүзеге асырылды және ол бұрын қолжетімсіз болып көрінген қаржылық еркіндікке жол ашады».