Құрметті жерлестер! Қадірлі ұстаздар мен оқушылар!

Баршаңызды 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке әр адамның жүрегінде жақсы естелік қалдыратын жылы сезімдерге толы ерекше күн.

Еліміздің өсіп-өркендеуі — ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына, мектеп біліміне тікелей байланысты.

Бүгінгі оқушыларымыздың білімді әрі ой өрісі кең азаматтар болып өсетініне сенімдімін!

Ел ертеңі сіздерсіздер, қанаттарыңыз талмасын, жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жағымды жаңалықтарға толы болсын!

«Қарағанды қаласының білім бөлімі» 

мемлекеттік мекемесі басшысы

Е.Әшім