Құрманғалиев – қола жүлдегер

Қазақстандық Алан Құрманғалиев Швецияның Хельсингборг қаласында өткен үстел теннисінен халықаралық «WTT Youth Contender» турнирінде қола жүлде жеңіп алды.

Жерлесіміз бұл турнирде алты кездесу өткізіп, оның бесеуінде жеңіске жеткен. Әуелі Швеция спортшысы Дэвид Бьоркридті 3:2, италиялық Антонио Джорданоны 3:0, гонконктік шебер Ю Кван Туді 3:2 есебімен жеңеді. Польшалық Михал Гавластан 3:2, Румыния спортшысы Драгош Бужордан 3:2 есебімен айласын асырды. Алайда италиялық спортшы Джакомо Аллегранцадан 2:3 есебімен жеңіліп, турнирдің 19 жасқа дейінгі санатында қола жүлдегер атанды.