Әркімнің қолынан келе бермейді

19 қазан – Құтқарушылар күні. 1995 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған арнайы қызмет күні бүгінге дейін халыққа қалтқысыз еңбек етіп келеді.

Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейін елімізде кәсіби апаттық-құтқару қызметі болмаған еді. Адамдарды, қоғамды апаттық жағдайдан құтқару жұмыстарын көбіне қоғамдық ұйымдар, құтқару бекеттері атқарып келді. Бұл қызметтің бір бөлігі милицияға жүктелді.

Міне, осындай мемлекеттік маңызы бар қызмет жүйесін жасау үшін 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Осы құжат негізінде 19 қазан Құтқарушылар күні болып белгіленді.

Төтенше жағдайлар саласы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қауіпті қызмет кез келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға үлкен күш жұмсайды. Апатқа ұшырағандарды құтқарып, алғашқы жәрдем көрсетеді.

Құтқарушылар қатарына төтенше жағдайлар қызметі, апатты-құттару қызметі қызметкерімен қоса апатты медина орталығының мамандарын да жатқызуға болады. Апаттар медицинасы орталығының жедел әрекет ету тобының дәрігерлері тап болатын жағдайда жұмыс істеу кез келгеннің қолынан келе бермейді. АМО командасы көмірқышқыл газымен улану, әртүрлі ауырлықтағы күйік, ауыр өндірістік жарақаттар, биіктіктен құлау, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері, жаппай жазатайым оқиғалар және т.б. шақыртуларға шығады.

Алмагүл Амангелдіқызы 25 жылдан бері ТЖ кезінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіп келеді. Ол – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының Қарағанды облысы бойынша филиалының дәрігері, медицина ғылымдарының магистрі. Білікті маман бола отырып, әрдайым шұғыл әрекет ету бригадасының құрамында ТЖ-ға дереу шығып, зардап шеккендерге жоғары деңгейде медициналық көмек көрсеткені үшін былтыр Президенттің Жарлығымен «Ерігі үшін» медалімен марапатталды.

Алмагүл Алдабекова Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Суықсу деген ауылда дүниеге келген. Сөзінше, дәрігер болу туралы шешімді кішкентай кезінен бастап қабылдаған, өйткені алдына адамдарға көмектесем деген мақсат қойды.

– Бала кезімнен дәрігер болатынымды білдім, бұл саналы таңдау болды. Мен қайда бара жатқанымды білдім. Мен адамдарды құтқаратынымды, емдейтінімді түсіндім және отбасында бір дәрігер болуы керек деп шештім. Медициналық университетінде оқу оңай және жеңіл деп айталмаймын, дәрігер болу үшін үлкен еңбек, шыдамдылық қажет. Мен адамдарға көмектескенді жақсы көремін. Осы мамандықпен айналысқаныма 16 жылдан асты. Соңғы бес жылдан бері Апаттар медицинасы орталығында жұмыс істеймін. Біздің жұмысымызда сабырлы болып, тез әрекет ету маңызды. Біздің жұмысымызда адами қасиеттер өте маңызды, себебі, қиын және қайғылы жағдайларға тап боламыз, сондықтан біздің жұмысымыз оңай емес. Біздің мамандығымызда біз жоғары моральдық тұрақтылықта болуымыз қажет, – дейді кейіпкеріміз.

Алмагүл Амангелдіқызы үлкен тәжірибеге ие бола отырып, өңірде де, елден тыс жерлерде де ең күрделі сын-қатерлерге бірнеше рет барды. Мәселен,  ол 2022 жылдың қысында Түркияда болған жер сілкінісі кезінде құтқару операциясына қатысты. Шұғыл әрекет ету бригадасының құрамында Түркияның Газиантеп және Нурдаги қалаларындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетті. Барлығымен тең дәрежеде нәзік жанды әйел зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсетуге атсалысты. Ол зардап шеккен 59 адамға жедел медициналық көмек көрсетті.

Кейіпкеріміздің есінде қалған сын-қатерлердің бірі — 2023 жылдың тамызында «Қазақстан» шахтасында өртке шақырылған кезде болған, онда Алмагүл ханым зардап шеккен 6 кеншіге медициналық көмек көрсетіп, тағы екеуін ауыр жағдайда реанимация бөліміне жатқызып, бұл оның тәжірибесіндегі ең қиын жағдайлардың бірі деп ойлаған. Алайда сол жылдың қазан айында И. Костенко атындағы шахтада өрт туралы ұқсас хабарлама түсіп, онда ол шұғыл әрекет ету бригадасының құрамында қаза тапқан кеншілердің 37 туыстарына медициналық көмек көрсетті.

Алмагүл Алмабекованың тәжірибесінде бу қазандығының жарылуы, көптеген жол-көлік оқиғалары, тепловоздың соқтығысуы және Апаттар медицинасы орталығының шұғыл әрекет ету бригадасы міндетті түрде шығатын өрттердің барлық түрлері күнделікті шақырулардың қатарында.

2024 жылы ол Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін барып, медициналық көмекке жүгінген 200-ден астам адамға көмек көрсетті.

Кейіпкеріміз көмектескен және кейде өмірлерін құтқарған адамдардың санын айту мүмкін емес, сонда ол энергияны қайдан алады? Алмагүл балаларынан шабыт алатынын ашық айтады, оларға үлгі болу – оның басты міндеті. Айтпақшы, отбасы біздің құрметті дәрігеріміздің өмірінде маңызды рөл атқарады, ол жұбайымен бірге төрт ұл тәрбиелеп отыр. Балалары қандай жағдай туындамаса да, аналары әрдайым медициналық көмекке мұқтаж адамдарға көмекке әрдайым есінде ұстайды!

Алмагүл Алмабекова ұжымының қоғамдық өміріне белсене қатысады, дейді әріптестері.

Айта кетейік, биыл Апаттар медицинасы орталығы 30 жылдығын атап өтуде. Орталық төтенше жағдайлардың алдыңғы қатарында. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері заманымыздың нағыз батырлары, олардың адалдығы мен батылдығы барлығына үлгі.

Құралай ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ, «QH»