Ресейлік мамандар Мысырдағы ахуалды бақылайды

Ресейден Мысырға чартерлік рейстерге салынған тыйымның жойылуына және туристер санының артуына орай, ресейлік мамандар осы елге арнайы барып, Мысырдағы COVID-19 эпидемиологиялық жағдайын бағалайды. Ресейлік сарапшылар делегациясы жергілікті ауруханалар мен зертханалардың мүмкіндіктерін де тексереді. «Жақын арада Роспотребнадзор мен Египеттің Денсаулық сақтау министрлігі арасында инфекциялармен күрестегі ынтымақтастық туралы меморандум дайындалып, оған қол қою жоспарланып отыр», — деді Роспотребнадзор.

Египет пен Ресей үкіметтерінің өкілдері өзара туристік ағымды келдергісіз жүзеге асырудағы маңызды мәселе саяхатшылар үшін қауіпсіз және жайлы демалысты қамтамасыз ету екенін атап өтті.