ҚР ҰҚК Қазақстан-Ресей шекарасындағы ахуал туралы ақпарат таратты

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақ-ресей шекарасындағы өткізу пунктерінің жабылуы туралы ақпарат таралуда.


Қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз.
Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық келісімдеріне сәйкес іске асырылуда.
Ресейлік тараптан өткізу пунктерінің жабылуы туралы ресми ақпарат түскен жоқ.