ҚР ИИДМ: Биыл еліміздегі 30 мың шақырым жолға арнайы белгілер орнатылады

«Қазақавтожол» ЖШС мамандары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыру жоспары аясында биылғы жылғы күздің соңына дейін 30 мың шақырымнан астам жолға арнайы жол белгілерін орнатпақ.

Бүгінде 9 781 жол белгілері мен 397 дана ақпараттық панно және 23 118 белгі бағанасы мен 26 766 дана катафоттарды орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай-ақ жоспар шеңберінде 2 733 шаршы метр шулы жолақтар мен 27 064 метр қоршау (кривбрус) орнату жұмыстары да іске асырылуда.

Барлық жол элементтерін орнату жол-көлік оқиғасын болдырмау және қарсы бағытпен соқтығысудың алдын алу мақсатында қолға алынуда.