ҚР ЕХӘҚМ: 12 мыңнан аса адам «Enbek» қосымшасын жүктеді

«Enbek.kz» мобильді қосымшасы сайтпен толықтай синхрондалған, бос жұмыс орындарын іздеуге және жұмысқа орналасуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар жұмыссыз ретінде тіркеліп, жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға мүмкіндік береді.


«Enbek» қосымшасы іске қосылғалы бері 12 мыңнан аса адам оны жүктеп алды. Enbek.kz порталының мобильді қосымшасы Электрондық еңбек биржасындағы (бұдан әрі-ЭЕБ) жұмыспен қамту саласы бойынша смартфонның көмегімен қызметтерді алуға мүмкіндік береді.

Мәселен, мобильді қосымша арқылы 6,2 мың адам жұмыс іздеуші ретінде тіркелсе, ал 5,7 мың адам жұмыссыз ретінде тіркеліп, оның ішінде 200-ден аса жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алуға өтініш білдіріп, әлеуметтік жәрдемақы алды.

Сондай-ақ, қосымшаның көмегімен мемлекет тарапынан субсидияланатын уақытша жұмыс орындарына орналасуға болады, олар: әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, сонымен қатар «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары бойынша бос жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.

«Enbek.kz» мобильді қосымшасы қолданушылар қызықтырған бос жұмыс орындарына жауап беріп, жұмыс берушілерден шақырту ала алады. Push-хабарландыру функциясының көмегімен түйіндемені қараған және оған жауап берген ақпаратты, сұқбатқа шақыру және жұмыс берушінің сұқбат нәтижесі бойынша шешімін жіберіп алмауға мүмкіндік береді.

Қолданушылар қосымшаны PlayMarket және AppStore дүкендерінен жүктей алады.