Президент Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады

Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Ұлттық банктің 2021 жылғы жұмысы туралы есебін тыңдауға арналған кеңес өтті.

Жиынға Ұлттық банктің төрағасы Ғалымжан Пірматов, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов, Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, сондай-ақ Ұлттық банк төрағасының орынбасарлары қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы жүзеге асырылған ақша-кредит саясатының қорытындылары, инфляцияны тежеу және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары, бюджет кірісін арттыру, Ұлттық банктің алтынвалюта резерві мен Ұлттық қордағы активтердің жағдайы туралы баяндамаларды тыңдады.

@ptrkkz