Павлодар облысында 1200 бас малға арналған сүт-тауарлы ферма ашылды

Ақтоғай ауданындағы жаңа ферма өңірдің ішкі нарығының жүз пайызын сүтпен қамтамасыз етеді.

Шикі сүт өндіру көлемі жылына шамамен 10 мың литрді құрайды. Кәсіпорынның бас директоры Александр Терентьевтің айтуынша, қазіргі таңда кәсіпорын Словакиядан сүт және ет бағытындағы симментал тұқымды 93 ірі қара мал әкелді. Жыл соңына дейін тағы 1000 аса бас мал әкелу жоспарланып отыр.
Әбілқайыр Сқақов мұндай жобалардың маңыздылығын атап өтіп, ұжымға табыс тіледі.
Біздің облыс ауыл шаруашылығы саласын қарқынды дамытуда, — деп атап өтті облыс әкімі. – Бұған Ертістің су әлеуеті ықпал етеді. Тек соңғы 2,5 жыл ішінде суармалы егістік алқаптары 40%-ға өсті, бұл өңірдің агроөнеркәсіптік кешенінің дамуына оң әсер етеді.
Ферманың іске қосылуымен 90 жұмыс орны ашылды. Инвестициялық жобаның құны 6 млрд теңгеден астам соманы құрайды. Ауыл шаруашылығы кәсіпорны өңірдің ішкі нарығын 100%-ға қамтамасыз етеді.
▪️Биылғы жыл рекордтық жыл болды – агроөнеркәсіп кешенді субсидиялауға 450 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Павлодар облысының мысалында мемлекеттік қолдау шараларының оң нәтижелерін көріп отырмыз, — деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.
Жалпы, өңірде жұмыс істеп тұрған 36 сүт-тауарлы фермалардың әрбір үшіншісі соңғы екі жылда іске қосылды. Осының арқасында 500 жұмыс орны құрылды. Тағы сегіз сүт-тауарлы фермасын ашу жоспарланып отыр.