Параатлеттер жарады

Қарағандылық параатлеттер Дубайда өткен жарыста 8 медальдың 5-ін иеленді. Жеңімпаздар дайындықтың қалай өткені және алдағы жоспарлары жайлы бөлісті.

2024 жылғы Параолимпиада ойындарының қола жүлдегері Дастан Мұқашбеков Дубайда өткен жарыста ядро лақтырудан үздік атанды. Медаль иегерінің айтуынша, ол спорттағы осы жетістіктерге жету үшін тынбай жаттығу жасап, қандай қиындық болса да берілмеген. Жақында БАӘ-де Fazza World para Athletics Grand Prix 2025 әлемдік Гран-при сериясы аясында планетаның ең мықты арнайы жеңіл атлеттерінің жарысы аяқталды. Қазақстан құрамасында қарағандылық спортшылар 8 медальдың 5-ін жеңіп алды. Дастан Мұқашбеков – атудан, Бекжан Болкетай ұзындыққа секіру, Руфат Хабибуллин және Игорь Хлыстов – 100 метрге жүгіруден, сонымен қатар Руфат Хабибуллин найза лақтырудан жүлдегер атанды.

– Жарыс болатынын біраз уақыт бұрын білдік. Қараша айынан бастап біз тыңғылықты түрде дайындалдық. Гран-при жарыстары бұл Әлемдік лиганың маңызды кезеңдерінің бірі және рейтингтік, біліктілік турнирі. Яғни, өте маңызды кезең және біздің төрт жігітіміз сол жерге шығып, өз өнерлерін сәтті көрсете білді, – дейді параолимпиадалық жеңіл атлетикадан жаттықтырушы Сергей Безгачев.

Жеңіске жету керемет әрине, бірақ демалуға уақыт жоқ. Қазір спортшылар келесі жарыстарға дайындалуда. Егер ел тарапынан қолдау болмаса, мұның бәрі болмас еді, дейді спортшылар.

Қанағат ЭДУАРДҚЫЗЫ,                                     

«QH»