«Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова тұрғын үйді жалға алуды субсидиялауға өтінімдер қабылдау бойынша банктен СМС алған 17 мың әлеуетті үміткердің 1662-сі өтінім жіберген

«Отбасы банк» басшысы Ләззат Ибрагимова тұрғын үйді жалға алуды субсидиялауға өтінімдер қабылдау бойынша банктен СМС алған 17 мың әлеуетті үміткердің 1662-сі өтінім жіберген. 259 адам мақұлдау алды, яғни олардың жеке кабинетінде «сіздің өтініміңіз мақұлданды» деп жазылып тұр. Демек, олар барлық тексерулерден өтті. Жүйе толығымен автоматтандырылған, адами фактор жоқ. Банк қызметкерлерінің ешқайсысы шешім қабылдай алмайды.